Ақтауда колледж халықаралық аккредитациядан өтті
Халел Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі «Дәнекерлеу ісі» бойынша білікті маман даярлайды. Кәсіптік білім беретін оқу орны NCCER стандартымен халықаралық аккредиттеуден өтті. Колледж бұл сертификатты алған еліміздегі алғашқы оқу орны. Қазір мұнда сұранысқа ие 25 мамандық бойынша білім беріледі. Студенттер өңірдің жетекші кәсіпорындарында тәжірибеден өтеді. Колледж заманауи зертхана және шеберханалармен толық жабдықталған. Оқу процесі халықаралық талаптарға сай жүргізіледі. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24