Латын әліпбиіне көшу
Өзінің қажеттілігін мойындата білген бір әліпби болса, ол – латын әліпбиі. Қазір бұл қаріптерді 2 миллиардқа жуық адам қолданады. Тиісінше, бүгінгі білім-ғылымның да күні осы қаріптерге қарап тұр. Ал кириллицаны пайдаланатындар саны 300 миллионнан әрі аспайды. Ендеше технологияның төріне, өркениеттің өріне жетелейтін бірден-бір тиімді жол – латын әліпбиіне көшу. Оған дау жоқ. Қазіргі дау мынада: «тіліміздің тазалығын сақтау». Яғни «төл әріптерімізді қалай таңбалаймыз» деген сауал мамандардың ойын сан-саққа жүгіртіп тұр. Осы «Жеті күнде» талай ұсыныс таразы табағына тартылып, талай деректің сүйегі шағылды. Мыңдаған бет, миллиондаған сөздер мен жолдар. Мына кітап сөрелерінде халықтың әдеби туындылары жинаулы тұр. Қазақстанның осы алтын қорын сақтап қалу үшін соңғы 10 жылда шығармалардың барлығы сандық форматқа көшіріліп жатыр.