Қалекеш Лұқпанованы еске алу бейнефильмі
Мынау жалғанды мәңгіліктей көріп, өмірге жүрдік еркелеп... Алайда, ауа-райының алай-дүлей күрт өзгергені сияқты, қуаныш пен күлкіні тиятын уақиғалар болады екен. Біз де аяқ астынан жанымызға жақын, дүниедегі ең қымбат аяулы анамыздан айрылып, тағдырдың үкіміне көнуге мәжбүр болдық. Кеудеміздегі шер, жүрегіміздегі сағыныш асыл анамызды бақилық деуге қимайды. Күні кеше ортамызда жайраңдап жүрген абзал жан, ардақты анамыз, немере-жиендерінің, шөбересінің сүйікті әжесі Қалекеш Лұқпанова 78 қарар шағында өмірден озды. Өзіңізбен бірге кешкен ғажап күндер енді естелікке айналып шыға келді...