G
enby!

Ұлттық ойын - ұлт мұрасы

💯«Ұлттық құндылықтар – ұлт мұрасы» байқауы жас таланттарды анықтап қана қоймай, ұлттық сана мен рухани мұрамызды дәріптеуге үлкен үлес қосты. Бұл байқау арқылы біз ұлттық ойындарды, салт-дәстүрді, өнер мен тәрбие негіздерін жаңа буынға жеткізудің маңызын тағы бір дәлелдедік. 📌Ұлттық ойындар – халқымыздың ертеден келе жатқан өмір сүру салтының, дүниетанымының көрінісі. Оларда тек қозғалыс пен жарыс қана емес, тәрбие, шыдамдылық, бірлік, тапқырлық, намыс сияқты қасиеттер жатыр. Бұл – бабалардан жеткен асыл мұра. 💡Ұлттық құндылықтар – тіліміз, дініміз, дәстүріміз, тарихымыз, өнеріміз бен мәдениетіміз. Олар – ұлтты ұлт етіп сақтайтын рухани тірек, ұрпақ пен өткеннің арасындағы алтын көпір. Осындай байқаулар – сол құндылықтарды жаңғыртып, жастар санасына сіңірудің жарқын жолы. Мұра жалғасқанда ғана ұлт мәңгі жасайды! 🇰🇿✨ Видео авторы: Медетхан Дильназ

Смотрите также