G
enby!

Кесарь тілігі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтеріне қарағанда, Кесарь тілігі арқылы дүниеге келетін балалардың саны біртіндеп артып келеді. Мұндай операцияны Еуропа мен Оңтүстік Америка да қолдайды. Кесарь тілігінің көмегімен босану бұл елдерде жылдан жылға көбейіп келеді. Дүниежүзі бойынша Кесарь тілігі арқылы туатын балалар саны орта есеппен алғанда, балалардың жалпы санының 19% құрайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мұндай көрсеткіш болашақ ұрпақ үшін қауіпті деп есептейді. Себебі медициналық көрсетілімдерге қарай, бұл әдіспен босануға әйелдердің 10 пайызы ғана мәжбүр. Ал Кесарь тілігін әйел адамның босануын жеңілдету мақсатында ғана жасау әйел үшін де, сәби үшін де жағымсыз жағдайлардың туындауына себеп болады. Подписывайтесь на «Хабар 24»:    / tv24kz   Наш сайт - https://24.kz
Facebook -   / tvkhabar24   Instagram -   / tvkhabar24   Telegram - https://t.me/tvkhabar24
Twitter -   / tvkhabar24   Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Смотрите также