Төлен Әбдікұлы «Бас сүйек» шығармасының аудио кітап нұсқасы @audiokitaptaar
Төлен Әбдікұлының 60-шы жылдарда жарық көрген «Бас сүйек» атты алғашқы әңгімесінде мүсінші Хамиттің Жаубөрі батырдың бас сүйегі арқылы оның мүсінін жасау жолындағы жан азабын суреттеу арқылы шынайы өнерге өзін арнаған адам ешқашан рахат өмір сүре алмайтынын, ізденуде шек жоқ екенін, жаужүрек батырлар жайлы қатып қалған стереотипті жеңу оңайға соқпайтынын, қолында аз ғана билігі бар адамдардың өзі ұлты үшін жан қиған ұлы тұлғалардан гөрі өз туыстарына ескерткіш орнатып, ұлтқа үлкен қиянат жасап отырғанын ойлайтын тоғышарларды алғашқы әңгімесінде-ақ сынап еді. Совхоздың жай ғана бухгалтері былтыр өлген әкесіне төбесі көк тіреген ескерткіш қойып жатқанда, қол созым жердегі Қалмаққырғанда елі үшін мерт болған Жаубөрінің моласы жермен-жексен боп, үстін шөп басып жатқанын қаперіне де алмады. Телеграм канал: @kitaptarqz