G
enby!

ЕМААА подкаст -2 шығарылым: Атыраудан Парижге дейін жеке көлікпен жасалған саяхат. Еліміздегі туризм

Подкастымыздың екінші шығарылымында атыраулық саяхатшы, ''Atyrau Nomads'' саяхатшылар тобының құрылтайшыларының бірі, Атырауда, тіпті бүткіл Қазақстанда тұрақты көрермендері бар Ютуб блоггер Ерік Шыныбеков ағамызбен сұхбат болды. Осы подкастымызда еліміздегі туризмнің қазіргі жағдайы мен оның перспективасы жайында, Ерік мырзаның жанұясымен бірге өз көлігімен Парижге жасалған саяхаттары туралы, саяхаттаудың денсаулыққа пайдасы туралы және т.б. тақырыптарда әңгімелестік. Сондай-ақ, қаламыздағы бірнеше мәселелерді бірге талқылап, жүргізуші атынан қонаққа арнайы сұрақтар қойылды. Ерекемен болған сұхбатымыз сіздердің көңілдеріңізден шығады деген ойдамыз. Ендеше біздің подкастты көруден ләззат алыңыздар! 0:00 Тизер 0:55 Сәлемдесу / Қонақты таныстыру 4:02 Индерге 2023-те жасалған экспедиция 5:35 Атырау-Париж саяхаты 9:46 Тұрғұттың ата-анасымен бірге Мақаттан Парижге барғандары жайлы 12:47 Балалармен алыс сапарға шығу қиын ба? 15:45 Ерекенің көлігі туралы 19:00 Еуропаның зейнеткерлерінде саяхаттауға ақша қайдан табылады? 25:28 Тұрғұттың көлігі жайында 27:35 Ерік мырза қашан саяхаттап бастады? 29:25 Аңыздар өтірік болулары да мүмкін 34:45 Саяхаттауға қаржыны қайдан аламыз? 39:48 Саяхатта отбасыңызбен ұзақ уақыт бірге боласыз 42:26 Көп тіл білгеннің пайдасын саяхаттағанда көресің 44:18 Еуропаға барар жолдағы сынақтар 50:40 Үлкен саяхаттарға енді ғана шыққалы жатқан көрермендерге Ерекеңнен кеңес 55:25 Атырау облысындағы туризм 59:24 Atyrau Nomads клубының миссиясы, клубтың атауының пайда болу тарихы 1:09:00 Қазақстандағы жолдардың жағдайы 1:13:27 Еліміздегі вандализм жайында 1:17:20 Конкурс 1:19:12 Блиц сұрақтар 1:23:57 Шығарылымды тәмамдау ​‪@AtyrauNomads‬ #tourism #atyrau #kazakhstan #qazaqstan #AyrauParis #AtyrauNomads #kazakhpodcast #yemaaa #emaaa #yemaaapodcast #emaaapodcast #podcast #turgut #turgutdyussov

Смотрите также