Атамұра баспасының тарихы. Деректі фильм
Кітапшалардың ішкі бетінде «Атамұра» деген таңбалы жазу тұр. Бұл Қазақстанның кітап пен полиграфия өнімдерін шығару нарығына тұңғыш жекеменшік баспа «Атамұра» қосылғанын айғақтайтын айшықты таңба екен. Баспаны құрған азамат әкесінің өзіне отыз жасқа толуына сыйлаған «Жигули» автокөлігі мен энциклопедиядағы қызметі кезінде әупірімдеп қолы жеткен пәтерін кепілдікке қойып, банктен бір миллион кеңес сомын несиеге алыпты. Барімізде мектеп кезінде оқулықтар болғаны анық . Тарих Қазақ тілі математика, география. Айта берсең таусылмайды. Одан мектеп кітапханасынан Шер ағаңның, Оралханнның, Әзілхан Нұршайықовтың, Айтматов,Әуезовтармен Мағауиннің, оңғарсыновавен мақатаевтың кітаптарын оқып өстік. Қазақтың қалам ұстағандарының кітаптары, кітапхага сөрелерінен табылатын. Сонда бұл кітаптар қайдан келіп жатыр. Кім өндіріп жатыр деп бірде бір рет ойламаппын. Ал бүгін, сол сұраққа жауап берер сәт туып отыр.