Арайлым Малгаждар,Талшын Уқыбасова: Әйел денсаулығы және жыныстық тәрбие туралы сөйлесу ұят па?
Әйел денсаулығы дегеніміз не? Неліктен қазақстандық әйелдер оның маңызы аса жоғары екенін түсінбейді? Отбасының ұйытқысы отанасы болса, демек әйел денсаулығы дегеніміз ұлт болашағы емес пе? Әйел денсаулығының жыныстық тәрбиемен байланысы қандай? Жыныстық тәрбие және ол туралы балалармен дер кезінде сөйлесудің пайдасы қандай? Отбасын жоспарлау аборттың алдын алатыны рас па? «Әйел денсаулығы» жобасы, яғни @kwh.kz (Kazakhstan Women's Health) және Gedeon Richter компаниясының қолдауымен ұйымдастырылып отырған подкасттың бұл санында осы сауалдарға жауап іздейтін боламыз. Ал студия қонақтары дәрігер, акушер-гинеколог, профессор, медицина ғылымдарының докторы Талшын Мұхадесқызы Уқыбасова және көпбалалы ана, блогер Арайлым Малгаждар. Gedeon Richter - әйелдер денсаулығы саласындағы танымал сарапшы және әлеуметтік жауапты компания. Қазақстан Республикасындағы әйелдердің әйелдер денсаулығы мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру және өзін-өзі күту мәдениетін дамыту үшін олар 2020 жылдан бастап «Әйелдер денсаулығы» атты әлеуметтік жобасын іске қосты. Сондай-ақ, жыл сайын әлеуметтік жоба аясында «Әйелдер дауысы» ұлттық сауалнамасы жүргізілуде, 2023 жылғы соңғы сауалнаманың кейбір деректерін подкастта жариялаймыз. Подписывайтесь на наш канал - / @momskiy_angime ⠀ Дорогие мамы подкаста Mom’sкий әңгіме! Представляем Вам нашу первую линейку «Mom’sкий», в коллаборации с Arté - брендированный и оригинально оформленный органайзер-планер для мамочки, которая хочет всё успевать