Нұрым Асқанов - Зәуреш (Мұхит Мералыұлы)
Уа Зәуреш, сенің үшін елден келдім, Баяғы өзің өскен жерден келдім. Сен неге, мен келгенде тебіренбейсің, Иіскеп бір сүйейін деген едім. . Құланның жонда көрдім шоқырағын, Қайыңның жаста көрдім жапырағын. Сен қалған отыз ұлдан едің Зәуреш, Бір уыс бұйырмады топырағың. . Рухың білді ме екен келгенімді, Оқыдым мінәжаттан білгенімді. Басыңды мен келгенде көтермедің, Жалғызым жаңа білдім өлгеніңді.
 
  
             
  
             
  
             
  
             
  
             
  
             
  
             
  
            