G
enby!

Еуропа Ресей мұнайынан бас тарта ала ма?

ОПЕК-тің шешімі онсыз да арзандап тұрған мұнай бағасын одан әрі құлдыратуы мүмкін. Дүние, мүлік, тауардың арзандағаны жақсы, бірақ өндіріс өзін ақтамаса соңы дағдарысқа әкеледі. Нарықта тепе-теңдік бұзылады. Бір есепте бұл біреулерге тиімді болуы да мүмкін. Яғни басты ойыншылар қарпып қалуға тырысады. Бизнеске саясат араласады. Президент Трамп БҰҰ мінберінен НАТО мен Еуропа елдеріне ресейлік мұнайдан бас тарту туралы қайта үндеу тастады. Осылай «Ресейдің табысын азайтып, әскери әлеуетін әлсіретеміз», -дейді. Кейінгі кездері Ақ үй басшысы бұл мәселені жиі көтеріп жүр. Президент Трамптың көздегені не? Америка басшысы осыған дейін Қытай мен Үндістаннан да ресейлік мұнайдан да бас тартуын талап етті емес пе? #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24

Смотрите также