Райымбек ауданында «Сүйіндік би және қазақ қоғамындағы билер институты» атты конференция өтті
Райымбек ауданында би-шешендердің тарихи рөлі мен ұрпақ сабақтастығын арқау еткен «Сүйіндік би және қазақ қоғамындағы билер институты» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тарихи танымды тереңдете түсетін тағылымды жиынды Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Райымбек ауданы әкімдігі және «Бабалар мен ұрпақтар» қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырды.