G
enby!

Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған Торғайдағы республикалық айтыс

Торғай төрінде өткен дүбірлі додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген сөз шеберлері бас қосты. Айтыс аламанында оза шапқан жүйріктер марапатталды. Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов Бас жүлде иегері ақын Мұхтар Ниязовқа JETOUR X50 автокөлігін табыстады. Ал I орын иегері Бекарыс Шойбековке ҚР Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев Chevrolet автокөлігін сыйға тартты. ІІ орын – Мейірбек Сұлтанхан мен Әсем Ережеқызы (әрқайсысына 2 млн теңгеден); ІІІ орын – Аспанбек Шұғатаев пен Нұрлан Есенқұлов (әрқайсысына 1 млн теңгеден). Айтысқа қатысқан өзге ақындар да құр қол қайтқан жоқ. Барлығына 500 мың теңгеден сыйақы табысталды. Сондай-ақ, Торғайдың 1977 жылғы азаматтары жерлес ақынымыз Тоба Өтепбаевқа ат мінгізіп, құрмет көрсетті. Қос темір тұлпардың бірін ҚР Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев, екіншісін Қостанай облысы әкімдігі жүлдеге тікті.

Смотрите также