G
enby!

ШҚО-дағы Ырғызбай әулие кешеніне жыл сайын 5 мың адам барады

Шығыс Қазақстан облысындағы тарихи кешендер мен көне ескерткіштер жаңартыла бастады. Бұл үшін өңірде құрамында археолог-ғалымдар және тарихшылар мен өлектанушылар бар арнайы комиссия құрылды. Олар негізгі 9 бағыт бойынша жұмыс істейтін болады. Соның бірі Елбасының «Рухни жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» тақырыбына сәйкес ғылыми ақпарат жинайды. XVIII ғасырда өмір сүрген Ырғызбай Досханұлы туралы ел арасында аңыз көп жазылған. Шығыстанушы ғалымдардың айтуынша, ол мыңға жуық шөптің түрін танып, қандай ауруға қалай қолданылатынын да білген. Сондықтан халық арасында Ырғызбай әулие атанды. Соңғы 15 жылда Ырғызбай жерленген Күмісті жайлауына демеушілердің қаражатына үлкен тарихи кешен тұрғызылды. Жыл сайын алыс-жақыннан 5 мың адам келіп-кетеді. 2 жыл бұрын мемлекеттің қарамағына алынған «Ырғызбай» кешенін енді Оңтүстіктегі Түркістан тәрізді дамыту жоспары тұр.

Смотрите также