Елордада өткен үстел теннисінен президент кубогі аяқталды
Астанада үстел теннисінен Қазақстан Президентінің Ашық Кубогі аяқталды. Турнирге әлемнің 14 елінен 300-ден астам спортшы қатысты. Іс-шараны ҚР Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Қазақстан үстел теннисі федерациясының қолдауымен Nomad академиясы ұйымдастырды. Жарысқа әлемдік ITTF рейтингінің 100-дігіне кіретін спортшылар мен ел үздіктері қатысты. Онда жекелей және топтық сындарда жасөспірімдер мен ересектер бақ сынады. Бес күнге созылған бәсекенің жеңімпазы – Ресей құрамасы. Ал жүлдегерлер қатарынан Иран, Корея және Гонконг құрамалары көрінді. Ал жасөспірімдер арасында қазақстандық теннисшілердің бағы жанып, бірнеше медаль иеленді. #ХабарСпорт #Спорт #Қазақстанспорты
Смотрите также
 
  
            
         
  
             
  
             
  
             
  
             
  
             
  
             
  
            