Шығыс Қазақстан облысында бұрын соңды болмаған алапат су тасқыны
Шығыс Қазақстан облысы көктемгі су тасқынына дайын болмай шықты. Кешеден бері Аягөз қаласының жұртшылығы тасқын судың залалымен арпалысып жатыр. Қазір баспанасынан айырылған 49 адам мектепті паналауда. Үйлері жермен жексен болған халықтың жанайқайын Аягөзге арнайы барған тілшіміз Самал Қабышева баяндайды.