G
enby!

Жамбыл облысында 60 тонна қоқыс шығарылды

Табиғат жанашырлары бұл жолы республикалық маңыздағы автожолдың Жуалы ауданы аумағындағы учаскесін қоқыстан тазартты, деп хабарлайды 24kz. Акция барысында қоғам белсенділері ауыл жастарымен кездесу өткізіп, ортақ мәселелер бойынша пікір алмасты. Алматыдан бастау алған эстафета Жуалы ауданына да жетті. 50 ерікті Айша бибі мен Бауыржан Момышұлы ауылдарының арасындағы жолдың бойын қоқыстан арылтты. «Taza Qazaqstan» Road-эстафетасы Amanat партиясының бастамасымен, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылды. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24

Смотрите также