"Ұстазым"
“Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға.” – деп хәкім Абай Құнанбайұлы айтқандай, бала жанының бағбаны болу – аса үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап ететін қасиетті еңбек. Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қызығы мен шыжығы қатар жүретін, жүректі адамдарға лайық таңдаулы ұстаздық жолдарыңыз жемісті болсын! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, әріптестік ынтымақ пен шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене берулеріңізді тілеймін! Әр күніңіз мейірімге, табысқа, жеміске және шабытқа толы болсын! Оқушылар сіздердің жетекшіліктеріңізбен әлемге жаңа көзқараспен қарап, үлкен өмірге сенімді қадам бассын! Мерекелеріңіз құтты болсын!