G
enby!

ҚАЗЫНА ЭТНО-ТАРИХИ КЕШЕНІ. БӘЙДІБЕК БИ ЕСКЕРТКІШІ

Шымкент қаласының тарихи-мәдени шежіресіне сәулелі із қалдырған нысандардың бірі — «Қазына» этно-тарихи кешені. Бұл кешен — тек демалыс орны ғана емес, халқымыздың терең тамырлы тарихы мен мәдениетін ұштастырған рухани мекен. Мұнда көне дәуірдің сарыны мен заманауи сәулет үндесіп, бір арнаға тоғысқан. «Қазына» этно-тарихи кешені Шымкент қаласындағы Қаратау ауданында, Бәйдібек би даңғылының бойында орналасқан. 2015 жылдың қазан айында салтанатты түрде ашылған бұл ауқымды жоба 75 гектардан аса аумақты алып жатыр. Кешен бой көтергенге дейін бұл жерде бірқатар ірі нысандар болған. Атап айтқанда, Ипподром басқа жерге көшіріліп, оның орнына көпқабатты тұрғын үйлер бой көтерген. Сонымен қатар, табиғи келбетімен көз тартатын Жайлаукөл көлі (бұрынғы атауы — Тұлпар көлі) және алып «Бәйдібек би» ескерткіші кешен аумағында ерекше орын алған. Айта кетерлігі, Тұлпар көлі ХХ ғасырдың 70-жылдары салынған тарихи тоғандардың бірі ретінде танымал. «Қазына» кешені – өткен мен бүгінді жалғаған алтын көпір іспетті. Бұл жерге табан тіреген әрбір қонақ ұлттық рух пен тарихи тағылымға қанығып, халқымыздың бай мұрасымен жақынырақ таныса алады.

Смотрите также