“Левитаннан да асып түсетін қазақ бар” - диктор Аманжан Еңсебайұлы
"Күлтөбе подкаст" арнасындағы кезекті сұхбатымыздың кейіпкері Қазақ және Шалқар радиоларында 50 жылдан астам қызмет еткен ардагер диктор, табиғат сыйлаған ерекше қоңыр дауыс иесі Аманжан Еңсебайұлы. Аманжан Еңсебайұлы қайталанбайтын ерекше қоңыр үнді диктор. Оның жүзі таныс болмаса да, дауысы көп адамға таныс. "Абай жолы", "Қара сөздер", көптеген жазушылар мен ақындардың шығармашылығын дыбыстаған. Бұл сұхбатта біз дикторды көпшілікке таныту мақсатында өмірден түйгендерімен бөлістіріп, таңдаулы ақындардың өлеңдерін оқыттық. Сұхбатты жүргізген журналист Берікбол Төлеген. Шығармашылық топ журналисі Нұрбибі Айтбайқызы. Тайм код 00:00 Анонс 01:58 - Әдеби форматтағы ерекше бағдарлама Қазақ радиосында өткен 50 жыл 03:49 - Дауысты базардан сатып ала алмайсың 05:30 Әнуарбек Байжанбаев Левитаннан да асып түседі 11:15 Туған ауыл, туған жер 17:33 Бүкіл қазақтың ауылдан көшуі – тірлішіктің ауылда өшуі 18:04 Бейнет көрген ананың бейнесін төріне іліп қойса ғой... 20:15 Сол анамыз бізге «қатыгез болсын» деді ме? 22:42 Ажырасу, ішімдікке салыну... Бұл қасірет пе? Неге мұндай күйге түстік? 25:20 Ұстазын сыйлайтын шәкірттердің азаюы... «Төмендеп бара жатқандаймыз» 28:27 Тәуелсіздік алғаннан кейін бай мен кедей деп бөліне бастадық 40:11 Мұқағали Мақатаевтың радиоға келуі 44:35 Поэзия сағаты 48:45 Төлеген Айбергенов "Ана" 52:50 Мұқағали Мақатаев "Төлегенге" 55:17 Қадір Мырза Әлі "Бір жаман, бір жақсы " 57:27 Жүрсін Ерман "Қазақ баласын қайрау" 1:00:36 Мұқағали "Бабаларым, рақмет сендерге!"