G
enby!

Үшқара Мәди Бәпиұлы

Қазақ ұлттық өнерінің саңлақтарының бірі – Мәди Бәпиұлы. Ол – ақын, сазгер, әнші,еркін рухты тұлға. Ақиқат үшін көресіп, еркіндікке ұмтылған ер мінезімен, азаттықты аңсаған өр болмысымен ұлт жүрегінде сақталған бірегей. Мәди әндері — қайсар рух, көркем поэзия, сырлы әуен, өзіндік құрылым, қолтаңбамен ерекшеленеді. Ол «Қарқаралы», «Қаракесек», «Үшқара», «Шіркін-ай» сияқты әндерімен қазақ ән өнеріне өшпес мұра қалдырды. 🎶 «Үшқара» — Мәди әндерінің ішіндегі толғау тектес, өмірінен толық ақпарат беретін күрделі туынды. Бұл әнде туған жерге деген сағыныш, еркіндікке ұмтылған жанның зары, күрескер, ер жүрек азаматтың ішкі күйзелісі шебер берілген. #МәдиБәпиұлы #Үшқара #Қазақәні #Дәстүрліән #Ұлттықөнер #Қаракесекруы #Мәдииздері #Қазақмузыкасы #Мәдимурасы #ЕркінРух #ХалықҚазынасы

Смотрите также