Мухтасар әл Қудури | Ұстаз Ерғали Алпысбай | 1дәріс - Кіріспе | Mihrab.kz
Михрабта ЖАҢА ЖОБА Құрметті, @Mihrab_kz парақшасының оқырмандары! Бүгіннен бастап YouTube арнамызда жаңа дәріс көрермендерге жол тартпақ! Ханафи мәзһабының таңдаулы еңбектерінің бірі - "Мухтасарул-Қудури" кітабы бойынша дәрістер топтамасы аптаның сәрсенбі және сенбі күні арнамызда жарық көріп отырады. Мухтасарул-Қудури - ханафи мәзһабындағы төре туындылардың бірегейі, таңдаулы "Мутун әс-сәләсә"-ның бірі. Кітапта дәреттен бастап мұрагерлікке дейінгі 12 000 сұрақтың шариғи шешімі жинақталған. Дәрісті Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы, фиқһ саласының білгірі Ерғали Алпысбаев ұстаз жүргізеді.