G
enby!

Дербес оқуды зерттеуші – Ерназар Қайрат: «Сұрақ қою – оқытудағы ең маңызды дағды»

#ҰстаздыққаҰмтылыс #ЕрназарҚайрат #ustart «Ұстаздыққа ұмтылыс» — өзін ұстаздыққа арнаған жандар жайлы баяндаймыз. Әр сұқбаттан үйтету ісінің асыл болса да, ауыр тапсырмасын тыныш тындырып жүрген тәлімгерлер тәжірибесін таба аласыз. Кезекті қонағымыз — Ерназар Қайрат. Физика пәнінің мұғалімі әрі білім саласында белсенді қызмет атқарып жүрген ұстаз. Сұқбат барысында Ерназар мырза шынайы ықыласпен істейтін адамдардың өзгелерге оң әсер ететінін атап өтті. Ол тәрбиеші болуды қалағанын әрі ұстаздықты өзінің тағдыры ретінде таңдағанын айтты. Сабақ алу мен білім алудың айырмашылығы, сұрақ қоюдың маңыздылығы, сондай-ақ жүйенің қателікті кешірмейтіні жайлы ой бөлісті. Сонымен қатар, үйрену қабілетін арттырудың тиімді жолдарын ұсына отырып, ұстаздықтың тек мамандық емес, үлкен жауапкершілік екенін ерекше атап өтті. Ерназар Қайрат:   / k.yernazar   «Ерназар Қайраттың тәрбиешісі» жайлы деректі фильм:    • Mr:D | Daniyar Izmailov   Сұқбаттың аудио нұсқасы: https://spotifycreators-web.app.link/...
00:00 Сөз басы 00:22 Анонс 00:57 Таныстырылым 02:50 Есте қалған есті ұстаздар 12:01 Кез келген мұғалім тәрбиеші рөлін атқара алады 14:39 Оңтүстік Кореяның білім беру жүйесінің ерекшеліктері 21:43 Ұстаздық жолға қалай келді? 28:21 Академиялық жетістіктермен ауырамыз 35:13 Білімді, ақылды, зерек адамдар – нағыз байлық. 39:35 Олимпиаданың негізгі мақсаты қандай? 52:27 Дербес оқудың қалыптасуына не кедергі? 57:07 Үйрену қабілетін арттырудың 5 факторы 1:06:42 Марапат артқан сайын, қателіктің құны өсе береді 1:09:15 Көмек сұрай білу дағдысы 1:12:08 Оқуға ұсынатын еңбектері 1:18:02 Түйін 1:19:12 Сұқбаттан алған әсері

Смотрите также