G
enby!

««Сөз тапқанға қолқа жоқ» деген мәтел қандай жағдайда айтылады? Мысал ..?»/ "Аяз би" ертегісі

Сұрағымыз: ««Сөз тапқанға қолқа жоқ» деген мәтел қандай жағдайда айтылады? Мысал келтірейік.» Жауабымыз: ««Сөз тапқанға қолқа жоқ» мәтелі біреу керек уақытта аяқ астынан дәл сөзді тапқанда, және сол адамның айтқан сөзі барлық нәрсені жақсы түсіндіргенде қолданылады. Мысалы, балалар топ құрып, әңгімелесіп тұрғанда, біреуі сөзді таба алмай, жауабын нақты айта алмай, қиналып тұр. Сонда, басқасы оның нені айтқысы келетінін түсініп, оған көмектескісі келеді де, дәл сөзді тауып алады да, бүкіл әңгімені жеңілдетеді. Және, ең бастысы, сол топта тұрған балалардың ешқайсысының да ешқандай сұрақтары болмайды. Міне, осындай жағдайда «Сөз тапқанға қолқа жоқ» мәтелі қолданылады. Немесе, бір бала ауырып, бірнеше күн бойы мектепке бармай, үйде жатқан. Тәуір болғаннан кейін, сабаққа барғанда, өзінің үйде жатқан кезінде математиканың бірнеше қиын және маңызды тақырыптардың түсіндірілгенін аңғарады. Ол мұғаліміне барып, одан сабақтан соң қалып, оған сол тақырыптарды түсіндіруін сұрайды. Мұғалім бұнымен келіседі де, оқушы 7-нші сабақтан кейін математика апайына келеді. Жеті сабақ бойы миы ашыған бала енді математиканың бірнеше қиын тақырыптарын игергісі келеді. Ол әлбетте ештеңені де түсінбеді, бірақ мұғаліміне: «Түсіндім, апай, рахмет!»- деген. Үйге келіп, уатсап группасын ашса, сынып жетекшісі математика мұғалімінен бір хабарды алған екен: ертең математикадан ТЖБ жазатын болдық. Оқушы ештеңе түсінбей, енді не істейтінін білмейді. Ол шаршап, төсегіне жатты да, кешке қарай тұрды. Қараса, ағасы университеттен келген екен. Ол одан сол тақырыптарды түсіндіруді сұрап, ағасы оған көмектесті де, бала барлығын түсінді. Өйткені, ағасы математика мұғалімі сияқты терминдерді қолданбаған, керісінше інісіне түсінікті болу үшін оған барлығын асықпай, түсінікті түрде түсіндірді. Інісі барлығын түсініп, «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деді. Яғни, осындай түсінікті түсіндірмеден кейін інісінде ешқандай сұрақ та қалмады.» Инстаграмым:   / tamerlance_channel  

Смотрите также