Алакол ауданы. Кызылащы ауылы аракка карсы курес
Ислам дінінде адам баласының денсаулығына зиян тигізетін, өмірге, айналаға, ортаға қауіп төндіретін нәрселерді пайдалану - харам болып саналады. Құран Кәрімнің «Маида» сүресінің 90-91-ші аяттарында: «Ей, иман келтіргендер! Арақ ішу, құмар ойнау, пұтқа табыну, оқпен бал ашу, бәсекелесу - шайтанның арбауынан болатын дүниелер. Бақытты болам десеңдер бұлардан аулақ болыңдар. Шайтан сіздердің араларыңызды жауластыру, өзара өштестіру үшін арақ пен құмар ойындарын қолданады. Осы арқылы намаз оқуларыңа бөгет жасап, тәңірлеріңді естеріңнен шығаруға тырысады. Құмар ойнау мен арақтан сонда да безбейсіңдер ме...», - делінген. Бұл жерде біздерге Аллаһ тағала құмар ойнау мен адамның ақыл-ойын тұмандататын есірткі, ішімдіктерді пайдалануға тиым салып, олардың харамдығын және шайтанның лас істерінен екенін ашық айтып, нақты ескертіп отыр. Харамның екі түрі бар. Олардың біріншісі жаратылысынан харам болған нәрселер болса, екіншісі - халалдан харам болған, яғни жүре келе харамға айналған мәселелер.
Смотрите также
