Ақ атты кәкені еске алу
Сағынғали кәкеміздің өмірден өткеніне 40 жыл болған екен, сол себепті еске алу үшін Қыдырбай бастаған бауырларым, 40 жылдық ас садақа өткізді. Жібек мамамыз екеуін есімізге алып, естеліктерімізбен бөлістік. Әмір ағамыз бен Ақсабақ жеңгемізді, Тілеген ағамыз бен Айсұлу жеңгемізді еске алып, балалық шаққа саяхаттап келдік. Әке шешеміз, аға жеңгелерімізді үнемі еске алып,”өлі жебемей,тірі байымайды” демекші садақа өткізіп еске алып тұрайық. Ас садақа қабыл болсын!
Смотрите также
