G
enby!

Акбаян Сапарбаймен САЯХАТ | ШЫМКЕНТ қаласы | Сіз білмейтін қызықтар

“Өмірге бір-ақ рет келеміз. Және оны Шымкентте сүру керек!” деген сөзді көбіміз білеміз, иә? Менің жаңа жобамды дәл осы қаладан бастағаным да бекер емес! Берекелі, қонақ жайлықтың үлгісі болған Шым шаһар кім-кімге де жат емес деп ойлаймын! Ендеше, менің Шымкентке саяхатымды көріп қана қоймай, өз пікіріңізді де білдіріңіз! Шымкент — халық саны бойынша елдегі қалалар арасынан үшінші орында. 2019 жылғы есеп бойынша, бұл қалада қазір 1 028 673 адам тұрады. Осы уақытқа дейін ғалымдардың көпшілігі қазіргі Шымкент қаласының аумағындағы қоныс мекендер XI−XII ғасырларда болған деп болжаған. Сонымен қатар Шымкенттің бұдан да ертеректе пайда болғаны жөнінде болжам бар. Бұған дәлел — археологиялық қазбалар мен құрылыс барысында табылған қабырлардың жерлеуші, мамандардың болжамы бойынша, біздің заманымызға дейінгі V–VІ ғасырларға тән. Өткен ғасырдың басындағы қала қамалы болған жерде жақында бір еркек пен әйелдің мәйіті табылды, және ол зороастрлық салтпен жерленгендігі анықталып отыр, олай болса бұл мәйітке 1500 жыл. Бірқатар археолог-ғалымдардың пікірлері бойынша, бұл жерде үлкен қорым болған, егер бұл расталса, онда қаланың пайда болған мерзімі қайта қаралуы мүмкін. Біздің заманымызға жеткен жазба деректерде Шымкент алғаш рет елді мекен ретінде парсы тарихшысы Шараф ад-Дин Әли Йаздидің (1425 жыл) біздің жыл санауымыз бойынша 1365–1366 жылдардағы Әмір Темірдіңәскери жорық-тары туралы жазған «Зафар Наме» атты («Жеңіс кітабы») кітабында кездеседі. Қандай болғанда да, қала ескі заманнан-ақ адамдардың өмір сүруіне қолайлы мекен болған.

Смотрите также