G
enby!

Бәтіштің тағдыры

50-жылдардың басы. Қытайдан әкесімен бірге елге оралған Бәтіш қыз. Әуелі бірер жыл Қырғызстанда тұрақтап, кейін елге жетеді. Әкесі молда, өзі жасынан арабша хат танып өскен еді. Әкесі он жетіге толған қызын жетім Елтайға ұзатады. Әке жүрегі қимаса да, қызына соңғы аманатын айтады: – Қызым, «жетім» деп ер жігітті басынба. Ертең қайтып келсең, сендей қыз менде жоқ деп айтам. Бірақ шыдасаң, тағдырдың сыйы алда, – дейді. Түгі жоқ, тақыр кедей Елтай ағасының малын бағып, мая шөптің арасында түнеп, аш құрсақ жүрген. Адаммен сөйлесіп, сырласып көрмеген момын жігітке Бәтішті қосқан еді. Бірақ Бәтіштің жаңа тағдыры да жеңіл болмады.

Смотрите также