Осы жолы ДЖЭК РИЧЕР басқа қалаға барып, ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРДІ іздейді | Джэк Ричер 2 сезон 1 2 серия
Бүгін біз "Джэк Ричер" сериялының 2 маусымын бастаймыз.Бәріміз қоңыраушаны басып,әр шыққан бейнемізді аяғына дейін көрейік.Ондай болса кеттік... 1ші сериясы. Былай басталады.Тікұшақ ұшып бара жатып,бір жігітті лақтырып жібереді.Әлгісі орманның арасына барып талдарға соғылып құлайды.Джэк Ричер болса басқа бір қалаға келді.Дүкендегі сатушыға бұрынғы киімдерін тапсырады да,басқа киім сатып алады.Бірақ енді киімге ақшасы жетпей даладан банкоматтан ақша шешіп алмақшы болады.Қараса бір әйел қорқып,банкоматтан ақша шешіп тұр.Бетінде соққының ізі бар.Ричер болса,маған бұрылмаңыз,жауап беріңіз әлгі тұрған көлікті сізді күтіп тұр ма дейді.Мына әйел болса,иә мені күтіп тұр,менің ұлым онда деп жылайды.Сонда Ричер,осында күте тұрыңыз қазір келемін дейді.Ол көлікте отырған қылмыскерді ұрып тастайды.Сосын арттағы есікті ашып баласын шығарады.Анасы да жылап жетіп келеді.Ричер болса кетіп қалады.Сосын банкоматтан ақшасын шешіп,чекті қараса,біреу оған ақша аударып жіберіпті.Ричер болса,бұны кім жібергенін түсінеді.Ол дүкенге қайтып кіріп ақшасын төлеп кейін Нилеге қоңырау шалады.Сен ғой жіберген дейді.Ниле болса оны Нью Иоркқа шақырады.Неге деп еді,сонда Ниле Кэлвин Францты өлтіріп кетті дейді. Ол бірден жолға шығады.Жалпы ол кім еді.Соны көрсетеді.Ричер қызметте 110 бөлімшеде жұмыс істегенде,қасында көмекші болып Кэлвин Франц деген жігіт жүрген еді.Өте адал жақсы жігіт.Ричердің қарамағында осы кезде бірнеше адамдар болды.Барлығы өздерінше шебер.Дэвид Донелл деген сөйлей беретін жігіт болады.Ричер осы кездің өзінде қасындағыларға бұйрық беріп жүрген еді.Алайда бәрі сол Ричерді күшті құрметтейтін.Осы кезге ораламыз.Ричер Нью Иоркке келеді.Сосын шағын бір кафеге кіріп,Нилені тауып алады.Ниле болса оған суреттерді көрсетеді.Оны ұшақтан лақтырды дейді.Сонда Ричер суреттерді зерттеп, жоооқ,оны тікұшақтан лақтырды.Сонымен қатар лақтырмас бұрын өлтірді деп айтып қалады.Ниле болса оның әйелі бар екенін айтады.Анджела екен есімі. Ниле осыған дейін де басқа әріптестеріне байланысқа шығыпты.Бірақ ешқайсы жауап бермейді дейді.Енді не істейміз деп сұрақ қояды.Олар сыртқа шығады. Сол кезде Ричер,бір қара көлікті байқап қалады.Тақырбасты біреу оларды қарап жүр екен.Сонымен қатар бетінде жарасы бар басқа біреу сырттан қарайды. Сосын өзінің бастығы Лэнгстонға қоңырау шалады.Ол қыз Бугаймен кездесті деп қалады.Бугай дегені сол Ричер ғой.Ричер мен Ниле екеуі айдап барып Францтың әйелі Анджелаға барады.Сұрақтар қояды.Осыған дейін Франц жаман ортамен араласпады ма дейді. Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз! #КиноШолу #ОбзорФильмов