Енді банк картасын біреуге заңсыз бергендер 7 жылға сотталуы мүмкін
Дропперлік үшін жауапкершілікті күшейтетін заң бүгіннен бастап күшіне енді. Интернет алаяқтықпен күресті күшейту мақсатында осында шара қабылданды. Себебі қасқөйлер заңсыз иемденген қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру немесе шекара асыру үшін қазақстандықтардың есепшоттарын пайданады. Сондықтан істің ауыртпалығы мен келген зиянның мөлшеріне қарай жаза да ауырлай береді. Мәселен, шотыңызды басқа біреуге заңсыз пайдалануға бергендер 3 жылға , үшінші тұлғаларға заңсыз ақша аударғандар немесе төлем жасағандар 5 жылға, ал басқалардың шотын қылмыстық мақсатта пайдаланғандар 7 жылға сотталады. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24