G
enby!

Әубәкірдің Пайғамбарды сатып алуы. Жетінші бөлімі. ‪@aslanm3845‬

0:00 Пайғамбардың сынықтығы Ғаббас әһлі кітапты біліммен жеңген соң, пайғамбардың беделі Мәдинада қарыштап өсті. Исламның күшпен емес, көркем мінезбен, терең біліммен, өзгенің дінін сыйлаумен және қара қылды қақ жарған әділдікпен таралатын қайырлы дін екені анық болды. Бірақ, сонда да пайғамбардың сынықтығын сынағысы келетін әһлі кітаптар әлі де бар еді. Сондайлардың бір шоғыры бір жиында Мұхамбет пайғамбарға былай деп сұраққа алды. 09:27 Ыбырайымның дүниеден өтуі Мұхамбет пайғамбардың Ыбырайым деген сүйкімді ұлы бар еді. Әкесі оған әрдайым мейірленіп, «Қарашығым, құлыным» деп еркелетіп, көшеде ертіп жүретін. Жеті жасқа толғанда «Құранға сауатын аш» деп, Оспанның қолына берді. Ыбырайым топтағы балалардың алды болды. Оның бала тілін қызықтап, пайғамбар көңілденіп қалатын. Алайда Алланың қалауы басқа еді. Ол хабибіне бұған дейін бірде-бір пайғамбарға нәсіп болмаған ең көп, ең берекелі үмбетті нәсіп етпек. Мұндай үмбеттің иесіне еркек кіндігінен ұрпақ тарату жазылмаған. Себебі ұрпақ қалдыру кез келген адамның бақыты еді. Ал үмбет қалдыру – ғалам бойынша бір ғана адамға тиесілі нығмет. 13:53 Пайғамбардың жеңісі Мұхамбет пайғамбар Мәдинаға орныққан соң Меккеге жеңіспен оралатын күнді күтті. Қастасқан дұшпандары оған ешқашан тыныштық бермеді. Ол он жыл ішінде бітіспес дұшпандарымен сауыт-сайман асынып, үш рет ірі майданда кездесуге мәжбүр болды. Олар тарихта «Бадыр шайқасы», «Ухуд шайқасы», «Ор шайқасы» деген атпен сақталып қалды. Осы айқастардың бәрінде ұлық Алла хабибісін жәрдемсіз қалдырмады. Барлық майданда мұсылмандар жауларына үстем болды. Залымдар соңғы ретон мың қол жинап, Мәдинаны келіп қоршады. 19:23 Ең кедей жігіт Расулдың жүрегі мейірім-шапағатқа толып тұрушы еді. Ол айыпты болған кісіні жазалауды емес, кешіруді қалап тұратын. Бір күні қаладағы тұрғындар болмашы қылмыс жасап, тұтылып қалған бір жас жігітті дедектетіп пайғамбарға алып келеді. Елдің бәрі демін ішіне тартып, пайғамбар қандай жаза қолданар екен деп күтіп тұрды. Бірақ, Мүбәрак пайғамбар жұрт ойламаған мүлде бөлек шешім қабылдады. 20:59 Әубәкірдің пайғамбарды сатып алуы Бір күні пайғамбар жұма намазына бара жатқан еді, көшеде мұңайып отырған бүлдіршін көреді. – Әй, балақай, сені кім ренжітті? – деп сұрады. Бала: – Балалардың бәрі тай-құлындарына, тайлақтарына мініп, шауып ойнап жүр. Ал менде мінетін есек те жоқ. Соны ойлап, қамығып тұрмын, – деді. Пайғамбар: – Ендеше, менің арқама мін. Мен саған ат болайын, – деді. Бүлдіршін қуанып кетті. Пайғамбардың арқасына мініп алып, шүу деп ойнай жөнелді. Жалғасы бейнеден тыңдай аласыз 22:43 Пайғамбардың киікті құтқаруы Пайғамбар заманында бір аңшы тұзақ құрып, аң аулап, кәсіп етеді екен. Бір күні оның қақпанына бір киік түседі. Оның егіз құралайы бар екен. Аңшы қуанып кетіп, олжасын дереу бауыздамақшы болады. Сол кезде киікке адамша тіл бітіп: – Әй, адамзат, мені бауыздамай тұра тұр. Артымда егіз құралайым қалды. Оларға қорек іздеп жүріп сенің тұзағыңа түстім. Мен өлсем, олар аш қалмақ. Барып, емізіп келейін. Содан кейін не істесең де, өзің білесің, – деді. Аңшыға киіктің көз жасынан оның жұмсақ еті тәтті көрінді. 26:07 Пайғамбар мен Ібілістің әңгімесі Бір күні Мұхамбет пайғамбар достарымен сұхбаттасып отырғанда тыстан: – Уа, Алланың елшісі, маған ішке кіруге рұқсат ет! – деген бір жағымсыздау дауыс естілді. Пайғамбар қасындағыларға қарап: – Кім келіп тұрғанын білесіңдер ме? – деді. – Жоқ, – деді сахабалары. – Бұл малғұн Ібіліс. Маған сырларын ашуға келді, – деді. 33:35 Аршыдағы жасыл құс Бірде пайғамбарымыз сахабалармен отырғанда миғражда көрген жасыл құс туралы айтып қалады. Серіктерінің бірі: – Уа, Расул Алла, сіз жасыл құс туралы жиі айтасыз. Бізге соның баянын толық айтсаңыз, – деп өтінді. Пайғамбар: – Иә, миғражда жүргенімде көрген жасыл құс қой. Оның қос қанаты күмістей аппақ, қауырсындары бір-біріне ұқсамайтын дүр-гаухар, маржан-меруертпен нақышталып сәнделіпті. Бір ғана денесінде он мың басы бар екен, – деп жасыл құсты баяндай жөнелді. 36:05 Алтын табақ Бірде Тәңірі тағала Жебірейілді шақырып алды да, оған: – Пейіштен бір алтын табақ аласың. Сосын жұмақтың балы мен халуасын табаққа толтырып сал. Оны Мұхамбет досымның дастарқанына апарып қой. Содан кейін пайғамбар мен оның төрт шадиярынан: «Дүниеде алтыннан артық, балдан тәтті, қылдан жіңішке не бар?» – деп сұра. Кімнің жауабы шырынды болса, соған бал мен халуаны алтын табақпен қосып сыйға тарт. Мейірі қанғанша жесін, – деп әмір етті. 39:20 Жүректердің шипасы Бірде бір момын кісі расулға келіп: – Уа, Алланың елшісі, сізді бірнеше күн көрмесек, бізді қайғы басады. Ертеңгі күнімізді ойласақ көңілді үрей билейді. Шын шаттанып, сіз сияқты тебіреніп өмір сүре алмаймыз. Жүрекке сіз салған сағыныш та тезінен әлсіреп, құлшылық та құлықсыз күйге түседі. Сізге келсек бәрі де қайтадан бәз-баяғы қалпына түседі. Жаныңызда отырсақ бейне бір бұлттың үстінде қалқып жүргендей бақытты күй кешеміз. Бұ дүниеде көңілді мұңға алдырмай, сіз сияқты шат болып ғұмыр кешетін рухани күш-қуат таба аламыз ба? – деп сұрады. Пайғамбар бүй деп жауап берді.

Смотрите также