«БІЛІМІМ - ОТАНЫМА!» атты салтанатты іс-шара өтті
«БІЛІМІМ - ОТАНЫМА!» атты салтанатты іс-шара өтті Түркістан облысы, Арыс қаласының Білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты 23.05.2025 жылы барлық білім беру ұйымдарында соңғы қоңырау соғылды. Осы орайда «С.Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінде" «Білімім-Отаныма!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділбеков Әлмахан Нұрмаханұлы, қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Молдашева Гаухар Елтайқызы, ата-аналар комитетінің төрағасы Сакен Бапаев, «Әжелер алқасының» төрайымы Мария Абуова және ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Мерекелік шарада мектеп директоры үлкен өмірге жолдама алып отырған бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, білім саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар ұстаздар мен білім алушыларға Арыс қаласы әкімінің «Алғыс хатын» және облыстық олимпиадада жүлделі орындарға ие болған оқушылар мен ұстаздарға алғыс хат табыс етті. Шара барысында Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділбеков Әлмахан Нұрмаханұлы және Арыс қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Молдашева Гаухар Елтайқызы оқушылар мен ұстаздарға деген өзінің мерекелік лебізін білдіріп, оқу жылдарында өздерінің еңбектерімен нәтижелі жұмыс жасап отырған ұстаздарға «Алғыс хаттар» табыс етті.