Kambarkaska. Жүзден жүйрік арғымақ Қамбарқасқа.
Биылғы бәйге маусымының ең үлкен жаңалықтарының бірі Қамбарқасқа атты хас жүйрік. Ол қазақ топырағындағы алғашқы бәйгесінде-ақ Қарлығаш, Айшуақ, Қалқаман сынды айтулы арғымақтармен сайысқа түсіп мықтылардың мықтысы атанды. Елуге жуық дүлдүлдер арасында топ бәйгеде топ жарып бірінші келді. Жанколиковтар әулесітінің даңқын асырған жүйріктерінің бірі атанды. Қорасына құт қонып, іргесінен небір жұлдызды жүйріктер шығарған әулет туралы айтқанда Мамлюк, Тұмар, Баян, Маймақ, Қаракөз, Бүркіт, Ревком, Алтынбас сынды бірнеше ондаған сәйгүліктер тізімін тізе беруге болады. Қателеспесем Қазақстан Республикасы Чемпионатының алғашқы бәсекесінде Қаракөз құнандар арасында топ жарды. Екінші рет өткен бәсекеде Тұмар жеңімпаз атанды. Ұмытпасам 2023 жылғы Елорда Кубогінде Маймақ Топ бәйгеде алдына қара салмаса, аламан бәйгеде Хан-ға жететін хас жүйрік болмады. Арғымақ ұстау оңай емес. Оны күтіп баптау мен мәпелеп бағуға да көп ақыл, таудай талап пен талмас төзім, қайрылмас қайрат, ерекше ерік жігер, өлшеусіз еңбек керек. Бұдан бөлек хас тұлпар асып тасқан ақшасы мен есепсіз қаражаты бардың барлығының уысына бірдей түсе бермейтін бақ екені тағы бар. Тіпті сүйекке бітіп, қан тартатын қасиет десем де артық болмас. Бұл әулеттің иелігіндегі басқа да жүйріктердің жеңісті жолдарын сағаттап айта беруге болады. Жылқы малына ерекше махаббатпен қарап, жүйрікті жазбай таныйтын ерекше қасиетке ие құт қонған әулеттің ырыс несібесі арта берсін. Енді міне осы жұлдызды топқа Қамбарқасқа қосылды. Дағыстан даласында саудаға шыққан сәйгүлікті ең бірінші біздер өз ортамызда Сикош деп атайтын, көптеген тұлпарлардың бабын тауып, бағын жаққан белгілі бапкер Серік Қазыбеков көріп біледі. Отыз мың долларға жуық қаражат тұратын тұлпар туралы Сәбит ағамыздың ұлы Маратқа айтады. Қаны мен тегі туралы ақпараттарды аударып қарап, жүйріктің болмыс бітіміне назар салған Мәкең арғымақты қазақ жеріне алғызады. Сөйтіп ашып алуға алып келген алғашқы сында-ақ, айды аспаннан бірақ шығарып топ бәйгеде топ жарды. 2021 жылы туған биыл төрт жасар арғымақтың әуелгі аты Галич. Қамбар қасқа атауын Сәбит ақсақал берген. Таза қанды ағылшын жылқысы. Әкесі Дарк Стар. Шешесі Гезель. Ресейдің №170-ші Ставрополь ат зауытынан шыққан. Ол жақта 4 рет жарысқа түсіп, Пятигор атшабарында бір рет жүлдегер болған. Ал, Дарк Стар 20 рет жарыс жолына шығып 13 рет топ жарып, 7 рет жеңімпаз болған жүйрік. Ресейдің №170-ші Ставрополь ат зауытынан шыққан Гезельдің де қаны осал емес. Әу бастан асыл тұқымды тұлпарлар туатын аналық мақсатында ұсалған жүйрік екі рет жарыс жолына шығып бір рет жүлдегер атанғаны тағы бар. Айғыр мен биенің арғы тарихы қызықтарса әлеуметтік желіден толымды ақпаратты өздеріңіз ала жатарсыздар деген ойдамын. Қанында хас тұлпардың, сүйегінде сәйгүліктің, мінезінде мінсіз жүйріктің қасиеттері тоғысып, болмыс бітімі келісіп тұрған соң неге шаппасын. Шабады. Бабы жетіп мен бағы жанған жүйрік жүгіреді де. Ең бастысы Жаратқан Алла жар болып Елдің де, Ердің де даңқын асырған дүлдүл болсын. Құрметпен Ермек Дайырбай арнасы. #тұлпар #арғымақ #жүйрік #дүлдүл #сәйгүлік #қазанат #жылқы #дәстүр #абайоблысы #ұлт #ұлттықспорт #атспорты #атшабар #алматы #астана #қазанат #қазақ #қазақстан #топ #бәйге #аламанбәйге "Подписаться" басып, каналға тіркеліп қоңырауды басып қойыңыз!