G
enby!

ХАНША - ДАРИЯ ХИКАЯСЫ / Әбіш Кекілбаев

Ұмытып барады екен. Есіне енді түсті. Орнынан тұрып төрдегі төрт таған орындыққа барды. Күміс табақшаның үстіндегі жүзікті қолына алып көрді. Тырнақтай көк тастың астындағы көк ұнтақ у екен. Жылмағай мүйіз қорапшаның ішіндегі алмас ұстара боп шықты. Манағы екі қызметшінің келісіне енді түсінгендей. Шидүргенің пәлен күннен бері айта алмай жүргенін енді ұққандай. Мұнысы несі? Өзін-өзі өлтірудің керегі қанша? Ертең жендет өзі-ақ жайғамай ма? Әлде азапқа төзе алмас деп қорыққаны ма? Жыл он екі ай мына тамұққа шыдағанда, айбалтаның астындағы қас қағым сәтке неге шыдамасын! Енді жаудан да, өлімнен де қорқатын ештеңе қалған жоқ. Түгел жусап қалған елінен, күйеуінен жаны артық па! Дарға асса - құдай қосқан қосағымен бірге асылады, басын кессе -жендеттің алдына бірге барады. Ақтық демдері біткенше жарық дүниені бірге көреді. Араларына адам түгілі ажал түспейді. Әлде... Жаудың басқа бір ойлағаны бар шығар. Әлгі сызат дұшпанның сондай ниетіне көрінбесін! Біреуі басынан оқ тиген жаралы құлжаның сыңар мүйізіндей соқитып жалғыз қалдырып жүрмесін! Бәсе, мана бұлардың екеуін неге бірге әкетпеді? — Апырау, Шидүрге неге айналды? Дұшпанның зымиян ниетіне енді көзі жетті. Терезенің алдына барды. Қара ат мінген қалың нөкер бұрынғысынша самсап тұр. Кенет олар ығысып әлдекімдерге жол берді. Кетік қақпадан қайқы қылыш ұстаған бір топ адам көрінді. Ханым оларды ордаға жеткенше қарап тұрды. Араларында Шидүрге жоқ. Гүрбелжін жалма-жан төрт тағанның үстіндегі күміс табақшаға тұра ұмтылды. #әңгімелержинағы #аңыз #болғаноқиға #кітапоқу #аудиокітап #әңгіме #ғибраттыәңгімелер #әңгімелер #қызықтыәңгіме #балаларға #әсерліәңгіме #әсерліәңгімелер #ғибраттыәңгімелер #өмірлікхикаялар #аудиокнига #аудиоәңгіме #2024 #rek #подписывайтесь_на_канал_спасибо #подпишись #қасқыр #қазақшаканал #әдебиет #қазақшаканал #рееееееееееек #рекпж #рекпожалуйста #рекомендация_ютубканал #болғаноқиға #шынайыоқиға #ғибраттысөздер #ғибратты #подписывайтесь_ставьте_лайки_поддержите #друзья_ставти_лайк_на_видео #друзья_подпишитесь_ставьте_лайки #ана #әйел #әйелдер #бәйбіше #тоқал #соғыс #ауылдағы #ауылдағыөмір #жайлау #шыңғысхан #чингисхан #кекілбаев

Смотрите также