ДЖЭК РИЧЕР 2025 3 МАУСЫМ БАРЛЫҚ СЕРИЯЛАРЫ | Джэк Ричер 2025 3 сезон все серий | Кино шолу
Джэк Ричер фургоннан түсіп,артынан пластина толы жәшікті алып шығады.Содан кейін дүкенге кіріп осы пластинкаларды дүкеншіге сатады.Осы кезде Джэк бір түрлі күдіктіні байқап қалады.Ол ескі көлікпен келіп біреуді аңдып тұрғаны көрініп тұр.Сөйтсе,басқа жақтан жас жігітті оққағары көлігіне кіргізуде.Джэк болса бірдеңе болайын деп жатқанын түсініп қояды.Әлгі күдікті жігіт,мына бай жас жігіттің көлігін бір соғады.Жүргізуші оққағары талып қалады.Ал бандит жігіт болса жас жігітті көліктен алып кетпекші болады.Жігітті көлігіне отырғызып қашып бара жатқанда,Ричер оның көлігінің дөңгелегіне оқ жаудырады.Көлік тоқтап ішінен әлгі жігіт шығып еді,Ричер оны атып тастайды.Сосын жігітті көліктен шығарып кеттік дейді.Кенет бір полиция қызметкері жетіп келгенде, Ричер бұрылып байқамай атып түсіреді.Әлгі жас жігіт болса,сен полицияны атып тастадың ғой дейді.Ричер болса кеттік менімен,маған осы жерде болуға болмайды дейді.Содан екеуі бір жерге тоқтап,Ричер көлікті ауыстырып басқа көлікпен қашып кетпекші болады.Әлгі жігіттің есімі Ричард екен.Ол болса мені тастама деп тұр.Ричер болса не үшін сені өлтірмекші болды деп сұрайды.Сонда Ричер,менің әкем Захари Бэк деген кісі.Өте бай тұрады.Осындай шабуыл алдында да болды. Менің құлағымды кесіп тастады дейді.Сондықтан қорқып,мені қалдырмашы деп тұр.Тым болмағанда,сені әкеме апарайын,саған ақша береді.Сен оның ұлын құтқардың ғой.Сен бұл жақтан қашқың келеді,ол үшін ақша керек қой дейді.Ақыры Ричер келісіп,оны көлігіне отырғызады.Содан қала сыртындағы үлкен бір сарайға келеді.Күзетте тұрған алып бір жігіт болады.Есімі Пауле.Ол болса Ричерді тексереді.Содан кейін есікті ашады.Артынан Ричер үйдің ішіне кіреді.Бұл жерде жұмыс істейтіндердің бәрі түскі астарын жеуде.Бір кезде қызметкерлердің барлығын басқаратын Дюкті көрсетеді.Ричард бәрін таныстыруда.Кейін Ричер Бэктің кабинетіне келеді.Әлгісі болса ұлын құтқарғаны үшін рахмет айтады.Сосын бір ыдысқа шарап құйып береді.Бір Ричер үндемей тұр.Содан кейін Бэк оған қарап,мен сізге қарызбын не керек дейді.Ричер болса,мен полиция қызметкерін өлтірдім.Енді осы жақтан қашып кетуге көмектесесіз бе деп қалады.Кейін Ричер кетер алдында стақанды қолымен ұстайды.Менің қолымның ізі керек пе деп қалады. Әссәләму әлейкум достар! Кино туралы каналымызға қош келдіңіз! Біздің каналда әлемдегі жұлдыздардың өмір баяны.Сонымен қатар,фильмдерге шолу және ол фильмдер жайлы қызық жайттар айтылады. Досым,каналымызға тіркеліп қойыңызшы.Сіздің әрбір қолдауыңыз біз үшін маңызды. Әр бейнеге лайк басып досыңмен бөлісуді ұмытпа! #КиноТуралы # ДжэкРичер20253сезон