Төле би мазары(Калдыргач би) Ташкент шаһарында.
#Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, #шешен, #Ұлы #жүздің бас #биі, #Қазыбек, #Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "#Жеті #жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би #Есім хан мен #Тұрсын #хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның #ескі #жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында #Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.