Akimich & Bimo - Қызық Times | Хаттарым, Ұмыттың ба, Сүйе тұра | Қызық live
Akimich Bimo - Қызық Times | Хаттарым Ұмыттың ба | Қызық live Каналға жазыл / Подпишись на канал / @maratoralgazin AKIMICH & BIMO – ЖАС, БІРАҚ ТАЛАНТҚА ТОЛЫ ҚОНАҚТАР Әлеуметтік желі қолданушылары көптен бері сұрап жүрген қос талант бүгін біздің бағдарламаның қонағы болды. Жас болса да, өнерлерімен танылып, YouTube желісінде миллиондаған қаралым жинап жүрген әншілер — Akimich & Bimo. Бағдарламамыз дәстүрлі түрде жылы қарсы алудан басталып, әрі қарай жасыл дивандағы шынайы сұхбатпен жалғасты. Қонақтарымыздың шын есімдері — Айдос пен Бейімбет. Жүргізушілердің алғашқы сұрағы да осы лақап аттардың шығу тарихына арналды. Bimo — мектеп кезінен келе жатқан Бейімбеттің лақап аты, ал Akimich — Айдостың аты-жөніне байланысты туған (Ким Айдос Нұрмұхамедович). Неліктен “Ким”? Бұл сұрақтың жауабын бағдарламаның толық нұсқасынан біле аласыздар Қонақтарымыздың жастары да көрерменге қызық болды. Олардың қай жылғы екені туралы да сөз қозғалды. Сұхбат барысында әндерінің атаулары мен тарихы айтылып, шығармашылық процестерімен бөлісті. Көбіне жаралы көңіл-күйдегі тыңдарманға арналған әндердің кімге бағытталғаны, шабыт қайдан келетіндігі туралы сыр шертті. Akimich пен Bimo қалай танысты? Қалай дуэтке айналды? Әнге идеяны қайдан алады? Бұл сұрақтарға да толық жауап алдық. Bimo мен Akimich “Lady” әнін орындау барысында Bimo сахнада шағын би де көрсетті. Ең қызу талқыланған тақырып – жас әншілердің жүрек сыры. Жүріп жүрген қыздары бар ма? Бұл да бағдарламада ашық айтылды. Бағдарлама барысында күтпеген сәттер де болды – қонақтарымыз бір сәтке “ұсталып” қалды. Не болғанын білгіңіз келсе, шығарылымды толығымен көріңіз