G
enby!

«ҮРКЕР». Ермек Тұрсынов. «Мұстафа Шоқай» кинороманы

10.16 Ермек Тұрсынов: Сәкен ағаны (Сатыбалды Нарымбетов) Бертолуччи дейтінмін. Өте жақын адам, дос болғанбыз. Өте кішіпейіл жақсы адам болатын. 10.56 Ермек Тұрсынов: Мен сол Мұстафаның ізімен, соның жолымен өттім. 13.05 Жүсіпбек Қорғасбек: Бір арманым болды, сүйегі шетелде қалған, шетелде жерленген 3 қазақты жазғым келеді деп. 16.40 Жүсіпбек Қорғасбек: Бақыт Садықова деген саясаттанушы ма, ғалым бар екен, М.Шоқайдың өмірін зерттеген. Сол жерде мынандай сөз айтыпты. Ресейде шығатын зиялылылардың өмір тарихы ма, бір кітап бар екен, соның ішінде, Мұстафа Шоқайға бірауыз сөзбен баға беру қиын. Кейбіреулер оны сатқын деп айтады. Бірақ, оның фашистік идеологияға берілмегені, пайдаланғысы келген нацистерге көнбегені анық депті. 21.09 Қанат Төребай: Бұл киноның мінсіз үлкен қасиеті – қазақ киносында үлкен бағытты ашты. Біздің тарихи тұлғалары туралы үлкен серияның басы болды бұл фильм. Негізі тәуелсіз қазақ киносындағы тарихи тұлға туралы тұңғыш фильм. 26. 34 Ермек Тұрсынов: Менің Мұстафам мүлдем басқа Мұстафа болатын, өте салмақты, өте ойлы, романда солай, мүлдем басқа кейіпкер. Басты кейіпкер іздеп жүргенде Сәкең (Сатыбалды Нарымбетов) соңына дейін маған айтпай жүрді ғой. 22.27 Қанат Төребай: Экранда мүлдем басқа Мұстафа, кітапқа қарағанда. 28.12 Қасымхан Бегманов: Ал, енді кинода басқа Мұстафа, біз күткен, халықтың күткен Мұстафасын халық көрмегеннен кейін халықта, зиялы қауым ортасында неше түрлі әңгіме болды. Сол сұрақты Сатыбалды ағаға қойдым.

Смотрите также