Елімізде 2036 жылға дейін 300 жаңа локомотив жолға шығады
Шойын жолға 2036 жылға дейін 300 локоматив шығады, деп хабарлайды 24kz. Қосалқы бөлшектерден бастап тұтас тепловозға дейін Астана іргесіндегі зауытта құрастырылады. Технологиясы америкалық Wabtec компаниясы. Айта кетейік, аталған компания ел нарығында ертеден бар. Бірақ екі жыл бұрын локоматив құрастыру зауытын сатып алып, толық қожайынына айналды. Осы себепті жыл сайын 30 тепловоздан шығару жаңа келісім негізінде іске асырылады. Енді локомотивтердің ескілерден ерекшелігіне тоқталайық. Алдымен дизель отыны шығыны азаяды. Жүк вагондарын тарту күші басым. Ал, егер келешекте жанармайдың басқа түрімен жүру тиімді болса, оған да бейімделе береді. Машинистер үшін де жанға жайлы жағдай жасалған. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24