G
enby!

БҰЛ АРАЛДАН қашып кету мүлдем МҮМКІН ЕМЕС,тек қана ҚҰРБАН болу | Побег с Острова 2023 фильм

Бүгін біз 2023 жылы шыққан "Побег из Острова" деген керемет триллер киноға шолу жасаймыз.Достар кәнеки бәріміз бейнемізді аяғына дейін көрейік.Ондай болса кеттік... Кино басында пилотты көреміз.Тікұшақта отырып әріптестерімен байланысқа шықпақ болады.Артынан ол сыртқа шығып қажетін өтейді.Сол жерде ол өлі жатқан бір жігітті көреді.Бірден тікұшақтан қаруын алып шығып,жаңағы жігіттің қасына барады.Қараса,ол жерде дәл өзіндікіндей қару бар екен.Бұрылып қалса,өзінің мутант копиясы мынаған атылады.Сосын ол мутант жігіт тікұшаққа отырып ұшып бара жатқанда,тікұшақ жарылады. Осыған дейінгі уақытты көреміз.Чез деген басты кейіпкеріміз барда отыр.Бір жігіттермен бәсекелесіп,дротикті тура нысанаға қадаймын дейді.Басқа жігіттер болса сен олай жасай алмайсың деп қалады.Сонда Чез,ішіп алса да,әлгі нысанаға дротикті тура тигізеді.Әлгілер болса ақшасынан айырылған соң,сен тура тигізбедің деп тиісе бастайды.Чез олармен төбелесіп кетеді.Ең соңында алып бір жігітпен төбелесіп,одан таяқ жеп сыртқа шығады. Солай жолда отырғанда,көлік тоқтап,бұл жерге Эддисон деген қыз келеді.Сені іздеп жүрмін,бір жұмыс бар сөйлесейік дейді.Чез болса сен мені танисың ба деп таңғалады.Олар кафеде отырып сөйлеседі.Сонда Эдисон,арнайы жұмыспен келгенін айтады.Беделді кісінің Стэсси деген қызы аралда жоғалып кетіпті.Соны тауып алу үшін команда жинап жүрмін дейді.Келісетін болсаң,белгі бересің,ертең келемін деп кетіп қалады.Содан кейін Эдиссон Расс деген жігітке барады.Оны да сол жұмысқа шақырады.Рас болса бұл аралды біледі екен.Ол жер сұмдық арал дейді.Келіспей тұрады. Эдиссон болса жақсы ақша болады дейді.Расс ойлана келе,мен келісемін,алайда бастық мен боламын дейді.Эдиссон болса,жарайды деп қалады. Осылайша Эдиссон бірнеше жігіттерді жинап алады да,пилотты жалдап,сонымен әлгі аралға барады.Эдиссон Декс Чез үшеуі аралдың басқа жағына барады.Ал енді Расс Кольт Тэг үшеуі басқа жағына барады.Бәрі сол Стэссиді тауып алу үшін еді.Жолда Эдисон бір адамның өлі денесін тауып алады. Осыған дейін болған оқиға еді.Декс пен Чез екеуі шошып кетеді.Декс болса өзінің кітабын алып шығып,соған көргенін жазады.Әр жақта Расс Кольт Тэг үшеуі судың жағалауын көреді.Сол кезде Расс қарап ойланып қалады.Эдиссонның командасы тағы да бір өлі адамды тауып алады.Әлгіндегідей құбыжыққа айналып өлген.Сөйтіп бір лагерьді тауып алады.Ішінде құрылғылар рация бәрі бар.Бір кезде Декс сол жерден өзінің сағатына ұқсайтын сағатты тауып алады.Уақыт тура көрсетіп тұр.Декс болса бұл қалай болды екен деп таңғалады.Осындайды көрген Чез,уайымдай бастайды.Бұл жерде не болды екен.Бұндайға біз дайын емеспіз дейді. Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз! #КиноШолу #ОбзорФильмов

Смотрите также