ҮРКЕР. Мұрат Шаймаран
01.04 Жүсіпбек Қорғасбек: Мұрат Шаймаран әдеби ортаны интеллектуал ақын ретінде мойындатты. 08.48 Әмірхан Меңдеке: Бізде ұйқас құра алады, өлеңнің техникасын біледі, сонымен күн көріп жүрген ақындар өте көп. 13.03 Тілек Ырысбек: Мұрат Шаймаранның «Еркін аспан» өлеңі болсын, «Жасыл Түн» болсын өмірімізді, шығармашылығымызды өзгерткен дүние болды. 15.46 Жақсылық Қазымұратұлы: Меніңше қазір оқырман өскен, аз болса да. Шынайы, өте терең білімді, түсінік-танымы терең оқырман қалыптасқан сияқты. 21.57 Мұрат Шаймаран: Біздің өмір сүрген ортамыз өте қатты цензурада болды. 29.30 Әмірхан Меңдеке - Мұрат Шаймаранның осы кітаппен жақсылап танысқаннан кейін ойламадым, Мұраттың насихаты жоқ екен ғой деп. 33.15 Тілек Ырысбек: Ақын мен құдай арасындағы болмысты да осы «Жасыл түнде» өте терең суреттейді. Мен талант деп, интеллектуал деп екеуінің тоғысын осыны айтар едім. 36.38 Әмірхан Меңдеке: Мұраттың Мағжан Жұмабаев туралы өлеңі бар, сонда ақынның сергектігіне, сезімталдығына еріксіз қайран қаласың. 37.42 Әмірхан Меңдеке : 1937 жылы тірі қалуға жанталасқа кіріскен екі адамды білем, зерттегем, біреуі Мағжан Жұмабаев, екіншісі Мұхтар Әуезов. Мағжанды кім өлтірді? 44.45 Тілек Ырысбек: «Жасыл түн» жалпы Шыңжан қазақ жазушыларының, Шығыс Түркістан қазағының біртұтас тарихы секілді. 51.40 Жақсылық Қазымұратұлы: Бұл бір арнайы зерттеуді қажет ететін поэма. 21.50 Әмірхан Меңдеке: Жаңа Тілектің Шыңжан қазақ әдебиеті дегенінен шығады. Жалпы мен мұндайға қарсымын. Шыңжан қазақ әдебиеті, қазақ әдебиеті деп бөлуге қарсымын. Ерекшелік болады. 53.52 Әмірхан Меңдеке: Қытайда түрме әдебиеті деген әдебиет те бар екен ғой..
Смотрите также
 
  
            
         
  
             
  
             
  
             
  
             
  
             
  
             
  
             
  
            