Елена Әбдіхалықова - Маңғыстау | толық нұсқа
"Маңғыстау". Әні - Елена Әбдіхалықова Сөзі - Светқали Нұржан Ақиқаттың сыңарындай Шежіресін тұмарындай сақтаған. Абыл-жырды ұранындай, Құлшар-күйді Құранындай жаттаған. Теңіз боп толқыған, Шалқыған — Маңғыстау! Айнымас антынан, Салтынан — Маңғыстау! Сапырған самал көлін, Дауылпаз далам, менің! — Беу, менің киелім, Мен сені сүйемін, Маңғыстау! Сені аңсап шарқ ұрам, Маңғыстау! Кешегі өткен Абыздардан Көнермейтін аңыз қалған мұра боп. Жігер қайнап ұлдарында, Жанады әлі шындарында – "Ұран от". Шындықты айтып бір кездегі, Күмбірлейді күмбездері данадай. Пір Бекетке қоныс болған, Қазаққа — аңыз, Орысқа — арман, Далам-ай!..