Депортацияланған халықтардың ұрпақтары: Қазақ халқына алғыс айту – парызымыз
                        
                        Ал қазақ халқы өзгені өзекке теппеген. Дархан еліміз өз жұртынан айырылып, туған жерінен жыраққа кеткен талай ұлт өкілдеріне пана бола білді, деп хабарлайды «Хабар 24».  Депортацияға ұшыраған халықтардың ұрпақтары бір үзім нанымен бөліскен қазақтың бауырмалдығын ұмытқан емес. Жамбыл облысы Байзақ ауданында тұратын Кабировтар отбасының да айтар алғысы шексіз.  Ерлі зайыпты Саяра мен Эльбрус – Кабировтар осы әулеттің үлкендері. Жастары ұлғайғанына қарамастан,  көмек көрсетуге асығып тұрады. Қайырымдылықты олар ата-аналарынан үйренген. Бір ғасыр бұрын олар Қызыл Жұлдыз ауылына қоныстанған. Эльбрус атаның жасы бүгінде сексеннен асқан. Барлық ұлттар тату-тәтті өмір сүріп, еңбек еткенін мақтанышпен еске алады.   «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW
 Біздің сайт - https://24.kz
  Facebook -   / tvkhabar24    Instagram -   / tvkhabar24    Telegram - https://t.me/tvkhabar24
 Twitter -   / tvkhabar24    Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24
    
                    
                    
 
  
             
  
             
  
             
  
             
  
             
  
             
  
            