Алматы қаласы Дженнифер Лопестің концерті дайындалып жатыр
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Осы жексенбі, 10 тамыз күні Алматыда Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Ұйымдастырушылардың болжамынша, кешке 25 мыңға жуық көрермен жиналады. Осыған байланысты қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылмақ. Сондай-ақ кей көшелердегі көлік қозғалысына шектеу қойылады. Бұдан бөлек қандай талаптар бар? Алматының кешке дайындығы қалай? Тілшіміз тарқатсын Алматы шаһары америкалық поп-жұлдыз Джей Лоның концертіне қарқынды дайындалып жатыр. Жауаптылардың айтуынша, көрерменнің үштен бірі – шетелден арнайы келген қонақтар. Кештің жоғары деңгейде өтуі үшін стадионға кірудің үш негізгі бағыты белгіленді. Негізгі кіреберіс – Абай даңғылы жағында, ал қосымша өту нүктелері Байтұрсынов, Сәтбаев және Шагабутдинов көшелерінің қиылысында орналасады. 300-ден аса ерікті қонақтарға бағыт сілтеп, өз орындарына жеткізеді. ҚЫМБАТ МАРАТҚЫЗЫ, event менеджер: Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің бойында арнайы жол көрсететін еріктілер қызмет етеді. Сонымен қатар әрбір кіреберіс маңында LED-экрандар орнатылады. Мұнда қай қақпадан қалай кіру керектігі, секторлар схемасы және іс-шараға қатысты маңызды ережелер толық көрсетіледі. Сондай-ақ Абай даңғылы жағынан мүмкіндігі шектеулі жандар, егде жастағы азаматтарға арнайы жол ұйымдастырылады. Кеш өтетін күні күн өте ыстық болады деп болжануда. Сондықтан стадион аумағында сусындар таратылады, сондай-ақ фудкорт аймағы жұмыс істейді. Ұйымдастырушылар келушілерден қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұрайды. Концерт аумағына алкоголь, темекі, сіріңке, оттық, өткір және шаншитын заттарды алып кіруге тыйым салынады. Су мен сусындарды тек қағаз немесе пластик ыдыстарда әкелуге рұқсат етіледі. МҰХАМЕДЖАН МҰСАЛИЕВ, Спорт құрылыстары дирекциясы ішкі қауіпсіздік секторының меңгерушісі: Іс-шара барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында құқық қорғау органдары және концертті ұйымдастырушы тарапынан келісіммен көрермендер үшін бірқатар талаптар бекітілді. Концертке қағаз немесе пластик стаканмен су, сусындар алып кіруге рұқсат беріледі. Кесетін және шаншитын заттармен кіруге тыйым салынады. Барша қонақтардан түсіністік танытып, алдын ала осы талаптарды ескерулеріңізді сұраймыз Сондай-ақ, кеш өтетін күні қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысын қадағалау үшін 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері жұмыс істейді. САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі: Бұл шараға 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылады. Бірінші кезекте – қоғамдық қауіпсіздік, екіншіден – жол қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Алдын ала мәлімет бойынша Абай даңғылы, Мұқанов, Байтұрсынов және Сәтбаев көшелерінде қозғалыс шектеуі болуы мүмкін. Орталық стадионды ретке келтіру жұмыстары да қызу жүріп жатыр. Мекеме басшылығы алдағы уақытта күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілетіндіктен, алаңға көп өзгеріс енгізе алмайтындарын айтады. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық
Смотрите также
