G
enby!

Маңғыстаулық өзге ұлт түрғындарымен Қазақ тiлiндегi подкаст.

Кезекті қонақтарымызбен таныс болыңдар: Имаев Василий (Вася) – украиндық. Жаңаөзенде туып өскен. ТОО «Геофизика» мекемесінде Қауіпсіздік бөлімінде қызмет етеді. Подкастқа шақырса екен деген арманы болған. Багиева Айнура – ұлты лезгин. Жаңаөзенде туып өскен. Жаңаөзен қалалық №16 орта мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары. Березнюк Григорий (Гриша) – украиндық. Жаңаөзенде туып өскен. «ӨМГ» АҚ АжТБ басқармасында КИПиА маманы. Бүгінгі подкастта Жаңаөзенде тұрып жатырған өзге ұлттардың тұрмыс-тіршілігінен үзінді айтылады. Жаңаөзендік отандастарымыздың ойларына пікір қалдырып, лайк басуыңызды сұраймыз. 02:12 Таныстыру. 05:00 Өзге ұлт өкілі ретінде Жаңаөзенде өмір сүру қалай? 08:53 Қызықты оқиғалар. 09:59 Васяның оқуға түскен кездегі қызықты оқиғасы. 11:32 Айнураның оқуға түскен кездегі қызықты оқиғасы. 12:34 Дүкенде, емханада кезекте тұрғанда болатын қызықтар. 13:32 Гришаның Омбыда болған оқиғасы. 14:21 Бізді үлгі тұтады. 14:34 Қазақ бала орысқа ұқсайтын. 14:50 Сенің атың Григорий емес Құдайберген боласың енді. 15:04 Қызықты оқиғалар... 16:15 Вася нағашыларына Украинаға барғанда... 16:58 Біз басқа елде өмір сүріп көрмедік 17:16 Орыс бала қазақша сөйлейді деп құрметтейді 17:33 Ресейге барсақ бізде акцент білініп тұрады 17:38 Вася: орыс қызбен телефонмен танысып отырсам «сен орыс емес қазақсың» деді... 18:02 Айнура: Әзірбайжанда тұратын ағайындарға барғанда «қазақтар келді» деп айтады. 18:44 Өзге ұлттар қайтыс болған адамның денесін алып кетіп, «еліне» жерлеу көп кездеседі. Ол не үшін? 20:18 Жаңаөзеннен қыдырып кеткенде қайтып келуге асығамыз... 20:40 Қазақстаннан көшіп кетіп, қайта келіп жатырған таныстарыңыз бар ма? Не үшін? 21:41 Мобилизация кезінде келген орыстардың қазақтарға көз қарасы өзгерді... 22:29 Өз салт-дәстүрімізді білмейміз, қазақтың салт-дәстүрімен ұстанған бізге оңай... 23:59 Вася: жеңешем, келінім қазақ... 24:46 Маңғыстауға қашан, қалай келдіңіз? 26:21 Басқалар түсінбесін деп қазақша сөйлесеміз... 26:58 Омбыда дүкенде болған оқиға... 27:46 Ұшақтан түскен бойыдан бетіме ыссы леп ұрды... 28:28 Өзен қанша жерден ыстық, шаң болса да басқа қалаға жетпейді... 29:24 Бакудан кері қайтар жолда поезд вагонында қазақтарды көріп мәз болдық... 30:14 Біздің еліміз Қазақстан... 30:55 Болашақ әйел болатын қыз Ақтаудан табылатын сияқты?! 31:58 Мұсылман болса болды. 32:53 Той - бұйырған суббота. 33:13 Қазақтың тойлары. 36:00 Қорытынды. Қонақтардан тілек.

Смотрите также