G
enby!

ЖЫР ЖАМПОЗЫ - ДӘРІҚҰЛ атты облыстық жыршы - термешілер байқауы.

"Жыр жампозы - Дәріқұл" Арал ауданы, Қызылжар ауылдық мәдениет үйінде Сыр өңірінің тумасы, Арал топырағының жыр жүрегі, Нұртуған шайырдың төл шәкірті, Арал, Қазалы өңіріндегі жыршылық дәстүрдің бірегей өкілі, жүйрік жырларын келер ұрпаққа қалдырған жыршы Дәріқұл Өмірқұлұлының туғанына 120 жыл толуына орай "Жыр жампозы - Дәріқұл" атты жыршы-термешілердің облыстық байқауы болып өтті. Шараның басталуы бабаға арналған прологпен ашылды. Байқауға әр ауданнан өнерпаздар қатысып, бақтарын сынады. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Қызылордалық Жәнібек Жақсанға бұйырды. 1 орынды - Құмбазар ауылынан қатысқан Жұмамұрат Кішкене иеленсе, 2 орынды - Арал ауданынан қатысқан Тағыбергенова Жайна жеңіп алды. 3 орынды - Қазалы ауданынан келген Құнанбайұлы Абылай иеленіп Қарақұм ауылындағы Дәріқұл жырау мектебінің шәкірті Ғабидуллаұлы Әлішер Арнайы Алғыс хатпен марапатталды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Шараға арнайы келген Дәріқұл жыраудың ұрпақтары сөз сөйлеп, алғыс тілектерін білдірді.

Смотрите также