Шет ауданының Ақжал кентінде жаңа спорт кешені қолданысқа берілді.
Спорттық ғимаратта екі үлкен зал барлық қажетті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Облыс әкімі ауданға жұмыс сапары аясында 16 көпқабатты үй мен бірқатар әлеуметтік нысандарды жылытатын жергілікті қазандықтың жұмысын байқастады. Қазандықтағы барлық үдеріс автоматтандырылған жүйемен басқарылады. Шет ауданында тағы қандай өзгерістер болғаны турасында келесі репортажымызда.