КТК: Қазақстан жаңалықтары 10.09.2025
Жүргізуші: Мадина Балғабаева (Instagram: @madinabalgabayeva) ЖАЙСЫЗ МЕКТЕП Жайлы мектептегі жайсыз жағдай! Құлсарыда мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан мақтаулы мектептің төбесі опырылып түсті. САУАЛДАН БҰРЫН ТІЛЕК Мәжіліс мінберіндегі "Сазды сәлем"! Депутат Ардақ Назаров сауал қояр алдында анасын құттықтаймын деп күлкіге қалды. СҰРАУЫ БАР Екі елдің зейнетақысымен жырғап жүргендерге ескерту! Қазақстанда тұрмай-ақ, түрлі төлем алатындардан ақшаны қайтарумен Қаржы мониторингі агенттігі айналысып жатыр. ЖҮЙЕЛЕЙТІН ЖҰМЫС Самокаттың да енді өз тұрағы болады! Алматы әкімдігі арнайы орындарды белгілейді, ал жауапты компаниялар қос дөңгелекті көліктерді соған сай бейімдеуі керек. #ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары