АҚИЫҚ АҚЫНДЫ СОҢҒЫ САПАРҒА ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Қазақ мәдениеті ауыр қайғыға душар болды. Елімізге танымал айтыскер ақын, ҚР “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Еңбек ардагері" және “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгілерінің иегері Серік Ыдырысов дүниеден озды. Бүгін марқұмның митингісі өтті. Жерлестері, әріптестері мен өнерсүйер қауым ақынмен қоштасып, оның рухына тағзым етті.