Естеліктер әлеміне саяхат | Амангелді Сейітханов | Бегасыл Сейітхан | Дана Нұржігіт
00:00 Бұл хабарыма “Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін!”деген сөз дәл келеді. 90-жылдардың соңында досым, әріптесім, белгілі тілші, спорт комментаторы, айтыскер ақын Амангелді Сейітхановпен “Хабар” арнасында көрісіп, таныстық. Ковидтен келген сұм ажал әріптесімізді арамыздан жұлып әкетті. Арманы көп Амангелді артындағы ұрпағының қызығын көре алмай,шығармашылықтың жемісін көріп үлгермей кетті. Оның әкелік тәрбиесінің нәтижесін көру бізге бұйырған екен. Франциядағы Олимпиада ойындарында комментаторлық тізгінді қолға алып, әкесінің ұлы, дарынды шәкірті екенін дәлелдеген перзенті Бегасыл Сейітхан балам өзімнен сұхбат алсам деп өтінгенде мен қуана келістім. Бізді көрген Бегасыл, әкесін іздеген Бегасыл екенін түсінемін өйткені… Көріңіздер! 02:13 Бүгін қонақта Дана Нұржігіт 03:26 Естеліктер әлеміне саяхат 11:48 Амангелді Сейітханның бойындағы лидерлық қасиеттер 14:40 «Телевизия деген темір-терсек емес. Темір-терсек заманға сай ауыса береді. Телевизия деген адамдар» 17:00 «Физикалық тұрғыда – тірі, ал шығармашылық тұрғыда – өлген адам» 19:41 «Қазақ – өз құнын білмейтін халық». Харизма деген я бар, я жоқ 21:17 Дана Нұржігіттің 2017 жылы Денис Тен қатысқан универсиадаға комментатор болуы 23:55 Комментаторлық дегеніміз не? 26:38 «Кез келген импровизация алдын ала дайындалған болуы керек» 28:34 «Бұл керемет мамандық! Ауыр, бірақ ләззаты да мол мамандық!» 30:44 Ұлт құндылығы мен бала тәрбиесі жөнінде 36:07 Амангелді Сейітхан қандай тұлға ретінде қалыптасты? 41:56 Өлмеген үміттің аманаты – жастар! 45:39 «Біз краш бола алмаймыз сендердің қастарыңда, біз кринж боламыз. Душнила» 47:33 «Заманмен желаяқ болып қатар жүгіруге белсенді болуым керек» 50:05 «Пенденің бойында бар нәрсе – бәрін кеш түсіну» 56:20 Қоғамда қалыптасқан балалық шақтағы травма ұғымы туралы 01:06:33 «Соғыста қаза болған әкелердің портретімен-ақ балаларды тәрбиелеуге болады» 01:08:38 Орта мектеп баланы қандай машыққа үйрету керек? 01:11:32 Жоғары білімді шет елден алуға бола ма ? 01:17:55 Қорытынды сөз #ДанаНұржігіт #myprimetime #подкаст